АҚЖАЙЫҚ ӨҢІРІНІҢ ИМАМДАРЫ БАС МҮФТИДІҢ БАҒДАРЛЫҚ БАЯНДАМАСЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін «Ар-Рахман» мешітінде облыстық, қалалық мешіттердің бас имамдары мен наиб имамдарының жиналысы өтті.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат қажы Қанатқалиұлының басшылығымен өткен жиында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына сәйкес жылдық жоспар пысықталды.

Облыс имамы Самат Алибаев сөз алып, хазіретіміздің бағдарлық баяндамасында айтылғандай биылғы «Ислам және дәстүр құндылығы» жылында атқарылатын айтулы шараларды кеңінен айтып, жауапты имамдарға уақытылы орындауды, үлкен жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Өткен жылғы жылдық есепті тапсыруда ондық ішіне ендік. Бұл еңбек баршаларыңыздың елеулі еңбектеріңіз, деп білемін. Осы жылы да аянбай еңбек етуге шақырып, өзгерістер мен жаңашылдықтарды тілге тиек етті.

Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 5 бағыт, 28-ге жуық бөлім мен сектор жұмыстарына бекітілген жауаптылар сөз сөйлеп, жауапты имамдар тағайындалды.

Шара соңында бас имам имандылық жолындағы имамдардың еңбектерін бағалап, облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің алғыс хатымен марапаттады.
Барша имамға қызметіне жеміс, Алланың разылығын тіледі.

Баспасөз қызметі