БҚО: «ALL OF BURGER» СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысындағы «ALL OF BURGER» тамақтану орны сертификатталды. Жұма намазға жиналған жамағат алдында облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы мен жергілікті өкіл Асхат Асылбеков «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Халықтың талабы мен сұранысының нәтижесінде өңірімізде халал кәсіпорындар саны артып келеді. Бүгін міне, халал дәмханалар тізімі «ALL OF BURGER» тамақтану орнымен толығуда. Сан мен сапаны қатар ұстайтын біздің мамандар алдағы уақытта да өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқара бермек. Ал, «ALL OF BURGER» кәсіпорнын адалдық таңбасына бізбен бірге адал қызмет етуге шақырамыз. Алла, дайындаған әрбір тағамдарыңыз бен ұсынған астарыңызға берекесін беріп, халықтың ықыласы мен батасына бөленген кәсіпкерлерден қылғай», – деген бас имам, аталған кәсіпорын өкіліне ризашылығын білдірді.

«ALL OF BURGER» тамақтану орнына берілген «QMDB Halal» сертификаты 26.01.2024-2.01.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Орал қаласы, Абай даңғылы, 59/1