Облыстық “Ар-Рахман” мешітінде имамдардың 2023 жылы атқарған жұмыс есебі тыңдалды.
Жылды қортындылауда облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы, наиб имамдары Наурыз Убаев, Бағдат Шақаев, азаншы Асхат Асылбеков және өзге де дін қызметкерлері қатысты.
Бас имам Самат қажы Қанатқалиұлы тарапынан ізгі қоғам, діни оңалту бағыты, дін мен дәстүр, діни сауат ашу және уағыз-насихат, сараптама жұмыстары мен халал ісі бөлімі, әлеуметтік желі арқылы атқарылған жұмыстарды ширату туралы нақты тапсырма берілгендігін айтып жеткізіп, нәтежелі орындап, аянбай еткен еңбектерін бағалады.
Сондай-ақ, бас имам тарапынан әр бөлімнің жауаптылары келісіп, жыл бойы нәтижелі жұмыс атқарған қала мен ауданның бас имамдарына алғыс хаттарды табыстады.
Жылдық қорытынды есептің нәтижесі бойынша “Ардагер имам” Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген қажы Нұрәлиев, “ Белсенді имам” Жәнібек аудандық мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев, «Үздік аудан имамы» Шыңғырлау аудандық мешітінің бас имамы Әділхан Наурызбай, “Үздік мешіт” Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Жомарт Лұқпанов аталымына ие болды. Әрқайсысы 50 000 сыйақы берілді.
Жылды қортындылау барысында 2024 жылы атқарылатын жұмыс жоспары айтылып, әрбір бағыт бойынша белсенді болуға шақырды.
Баспасөз қызметі