Кеше ҚМДБ Ғұламалар кеңесі және РАНТ мүшесі, ғалым ұстаз Арман Қуанышбаев Орал қаласына іссапармен келді.
Облыстық орталық « Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Самат Алибаев жылы жүзбен қарсы алды.
Арман ұстаз облыстық, қалалық, аудандық мешітінің бас имамдарымен жүздесіп, “Имамның қызметі” жайында уағыз айтып, сол қызметі жанымен сүйіп, елге, жамағатқа үйренуден жалықпау, өзі де имамға сай болу жайында кеңінен насихаттады.
Жылы жүздесу өз жалғасын тауып, Ар-Рахман мешітінде құптан намазынан кейін жамағатпен кездесіп, «Иман мен бірлік» тақырыбында уағыз айтты.
Кездесуде Арман ұстаз жамағатқа иманды адамның жауапкершілігін айтып, мешіт жамағаттары бірлікте болып, әркез жақсылық атаулымен жарысып, сауапты істермен айналысудың маңыздылығын кеңінен насихаттады.
Кездесуге жамағат көп жиналды.
Кездесу соңында РАНТ мүшесі, ғалым ұстаз жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар алынды.
Нұрлан Саматұлы