ОҢАЛТУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША МАМАНДАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі және Қызылорда облысының Дін істері басқармасының ұйытқы болуымен өңірдегі оңалту бағытында жұмыс істеуші мамандарға арналған біліктілікті арттыру семинары өтті.

Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің кітапханасында өткен шараға діни оңалту жұмыстарына бекітілген имамдар мен басқарманың және оған қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері қатысты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің талдамалық-тапсырмасына сәйкесұйымдастырылған оқыту семинарында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, ҚР ҰҚК академиясының доценті, сарапшы-психолог Шакимова Лола қатысушыларға «Діни оңалту объектілеріне психологиялық-практикалық әсер ету әдістері» тақырыбында дәріс өтіп, жат діни ағым өкілдерімен жұмыс жүргізу барысында қолдануға болатын заманауи тиімді тәсілдер туралы түсіндірді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі