«КЛАССИКАЛЫҚ ДІНИ ТҮРКІ КІТАПТАРЫН ОҚЫТУ КУРСЫНЫҢ» БІТІРУШІЛЕРІНЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы «Классикалық діни түркі кітаптарын оқыту курсының» бітірушілеріне сертификат табыстады.

Биыл наурыз айында Қазақстан мұслыман қауымын біздің қоғам үшін жат және дәстүрлі емес діни ағымдар мен сақтандыру мақсатында түркі тілінде жазылған ханафи мәзһабының классикалық кітаптарын оқыту курсы бастау алған болатын.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, ұйымдастырылған курс барысында қатысушылар Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты», Мухиддин Нұғман Бухаридің «Устади әууәл (түркі әліппе)», Сопы Аллаярдың «Сабатул ажизин» кітаптары бойынша білім алды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі