Бас имам Қаратөбе ауданында

ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Самат Алибаев Қаратөбе ауданына арнайы сапармен барды.

Бас имам Самат Қанатқали Қаратөбе ауданының әкімі Қайыржан Сүйеуғалиевпен кездесті.

Кездесуде аудандағы діни ахуал мен қоғамдық мәселелерді шешу жолдары сөз болды.
Сонымен қатар, аймақтағы діни тұрақтылықты сақтау турасында өзара ұсыныс-пікірін бөлісіп, алдағы уақытта да ел игілігі үшін бірлесіп жұмыс жасауға келісті.

Облыс имамы Самат Қанатқалиұлы Қаратөбе аудандық мешітінің бас имам Әділжан Бекқазиевпен жүздесіп, жергілікті жамағатпен кездесті.

Кездесу барысында бас имам ауызбіршілік, бауырмалдылық, дұрыс білім алу тақырыптарында жайында сөз болды.

Нұрлан Саматұлы