ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ (ФОТО)

Түркістан облысындағы екі күндік жұмыс сапары барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Арыс қаласындағы «Тең қоғам» орталығының жұмысымен танысты.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мүгедектігі бар жандарға арналған алғашқы заманауи орталықты толық таныстырып өтті. Бұрын той өткізу мақсатында салынған ғимарат иесі нысанды қала тұрғындарының мәдени-танымдық, спорттық сергіту орталығы ретінде пайдалануға берген. Сөйтіп зағип жандар мен құлақ мүкісі бар, жалпы мүгедектігі бар қоғам мүшелерінің бір сәт көңіл сергітетін заманауи орталығы ретінде іске қосылған.

Бұл жерде негізінен мүгедектігі бар тұрғындардың белсенділігін арттыру, психологиялық көмек көрсету жұмыстары жүргізіледі. Бас мүфти кездесуде балаларға арнайы дұға жасап, орталыққа сый-сияпат тарту етті.