Кеше ҚМДБ-сы жанынан құрылған “Қамқор-Шарапат” діни салттық рәсімдерді атқару бөлімінің БҚО бойынша өкілі жауапты маманы Әзілхан Бисенғалиев Бөрлі ауданы, Ақсай қаласына іс сапармен барды.
Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Ерденбек Жанұзақұлы келген жауапты бөлім басшысын күтіп алып, атқарылып жатырған мешіт жұмыстарымен, іс барысында таныстырды.
Болашақта Алла қаласа Ақсай қаласында. “Діни салттық рәсімдерді атқару қызметі” ашылатынын жеткізді.
Келген жауапты маман мешіт қызметкерлерімен ұжымдарына “Қамқор- Шарапат” салттық діни рәсім атқару қызметі, жұмыстарын таныстырып, түсіндіру бағыты бойынша кездесу өткізді.
Баспасөз қызметі