Бүгін ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат Алибаев «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде білім жатқан Ақжайық өңірінен барған студенттермен жүздесті.
Шәкірттердің хал-жағдайын біліп, сұқбат құрып, жеке сөйлеп, пікірлерін ортаға салды.
Аталмыш оқу орынына аймағымыздан жыл сайын жас талапкерлер бағын сынап, оқуға түсіп жатыр. Білім нәрін іздеген осындай талапкер жастарға қолдау көрсету жылдағы үрдіске айналған. Осы жолы да облысымыздың бас имамы Самат Қанатқалиұлы да Оралдан оқып жатқан университет студенттеріне БҚО өкілдігінің атынан қаржылай және рухани қолдау көрсететіндігін жеткізді.
Кездесу соңында студенттерге арнайы ақдастархан жайылып, бас имам Самат Қанатқалиұлымен еркін дидарласып, сауалдар қойылды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі