«Бірлік» қоғамдық бірлестігі мен Теректі аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан жамағат» тақырыбында кездесу өтті.
Шараға Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова және оның орынбасары Дамир Гумаров, Теректі ауылдық округінің әкімі Армат Рспаев, облыстық «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы Наурыз Убаев және теректілік жамағат қатысты.
Ең алдымен, аудан басшысы Әлия Биғазықызы жаңадан тағайындалған Теректі аудандық мешітінің бас имамы Амантай Бақтығалиға сәттілік тіледі.
Одан кейін Теректінің бас имамы Амантай Қуанышбайұлы мен облыстан келген қонақ Наурыз Ибатұлы жамағатқа уағыз-насихат айтып, қойған сұрақтарына жауап берді.
Теректі аудандық мешітінің баспасөз қызметі