Жалпы өңірлердегі имамдардың қызметі қашанда жұртшылықтың, әсіресе жамағатың назарында екені белгілі. ҚМДБ-ға қарасты мешіт имамдары өз қызметтеріне жауапкершілікпен қарап, қызметтерін абыроймен атқарып келеді.
Дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен облыс имамдарының қолдауымен имамдар тәжірибе алмасу жобасын іске қосып, ол оң нәтижесін беріп те келеді.
Атап айтар болсақ, қала, аудан мешіттерінің имамдары арнайы кезекпен өзге облыстарда болып, діни басқарманың бес бағыты бойынша жұмыстарын жүргізуде.
Солардың бірі Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кентінің “ Тілеуқұл ишан” мешітінің имамы Алпамыс Ізбасхановты облыс имамы Самат Алибаев жылы қабылдап, жұмыс барысын айтып, мол тәжірибе жинауды тіледі.
Мешіттерде түрлі ойлы жамағаттарға насихат жүргізген имамдар тәжірибе алмасып, аудиторияны игеруге бейімделсе, сондай-ақ, барлық мешіт имамдарының мүддесі бір екендігін дәлелдеуде.
Сондай-ақ Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Ерденбек Ихсанов Қостанай облысында тәжірибе жинауда.
Игі бастамалар өз жалғасын таба берсін!
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі