Жаңақала аудандық мешітінің ұйымдастыруымен “Бірлігі жарасқан жамағат” атты облыстық мешіт жамағаттары арасында дәстүрлі садақ ату мен табан тартыстан сайыс өтті.
Жарысқа қала және аудан мешіттерінен 30 ға жуық адам қатысты. Сайыс өте жоғары деңгейде болды. Ең бірінші болып садақшылар бақ сынады.
Республикалық дәстүрлі садақ ату федерация ережесі бойынша оздырылды.
Төрт кезеңнен өткен жарыста, 24 сүрмерген өз бақтарын сынап, арасынан төртеуі финалға өтті. Нәтижесінде
Үшінші орынды Жоламанұлы Думан (Орал қаласы) алса.
Екінші орынды Карипуллиев Райымбек (Орал қаласы) иемденді.
Бірінші орынды Ищанов Асхат (Орал қаласы) қанжығасына байлады.
Кейін кезекті білекті жігіттер сайысы Табан тартысқа келді.
80кг салмақ дәрежесіне дейінгі спортшылар арасында:
Бірінші орын Серіков Қолғанат (Жаңақала ауданы)
Екінші орын Уахитов Жәнібек(Жаңақала ауданы)
Үшінші орын Абекенов Есболат (Жаңақала ауданы) алды.
+80 кг салмақ дәрежесінде:
Бірінші орын Ермеков Бауыржан (Ақжайық ауданы)
Екінші орын Лұқпанов Жомарт (Жаңақала ауданы)
Үшінші орын Бақтығалиев Тілекке (Жаңақала ауданы) бұйырды.
Спортшыларға Жаңақала аудандық мешіті атынан арнайы диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Сайыстың тартысты өтуіне себепші болған, барша жарысқа қатысқан аудан, қала жамағаттарына, спортшыларға, ұйымдастырып алып келген имамдарға Алла разы болсын. Ауызбіршілігіміз ақыреттік болсын.
Жаңақала аудандық мешітінің баспасөз қызметі