Айт құтты болсын

Құрбан айттың екінші күні, аудандық мұсылмандар мешіті, ауданық ішкі саясат бөлімі, «Ақбастау» ЖҚБ , Кәусар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жәнібек аудандық спорт кешенінде шағын футболдан жарыс өтті. Қамысты ауылы, Шекара басқармасы, Элита, LFK Жастар, «Ақбастау»ЖҚБ, Мешіт, командалары қатысып өзара ойын көрігін қыздырды. Нәтижесінде жүлделі 1-ші орынды мешіт командасы, 2 -ші орын Қамысты ауылы, 3 -ші орынды Жастар LFK командасы иеленді .Жарыс жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Барша ұйымдастыру шараларына қатысқан жандарға Алла разы болсын!

Баспасөз қызметі