ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Аудандық мешітте мұқым мұсылман жұртының ұлық мейрамы — Құрбан айттың алғашқы күні оқылатын айт намазы оқылды.
Ауданның бас имамы Азамат Қанатұлы мерекелік мінәжат үшін келген мұсылман айт мейрамымен құттықтап, әр отбасына амандық-саулық, береке-бірлік тілеген игі лебізін жеткізді.

  • Бұл мереке Алланың разылығы үшін құрбандық шалып, садақа беріп, дұға-тілек тілейтін күн. Бұл мейрам – қайырымдылық істер жасап, жағдайы нашар жандарға қол ұшын созып, рухани дем беріп, адамзатты бейбітшілік пен ынтымаққа шақыратын ең бір ізгі мереке. Біздің міндет – осы бір айтулы күнді отбасылық мерекеге айналдырып, өскелең ұрпақтың осы күннің қадыр-қасиетін сезініп өсуіне жағдай жасау. Сонда ғана мерекенің мәні артады, -деді өз сөзінде.
    Сонымен бірге бас имам құрбан айттың маңызы, құрбан шалу әдебі туралы ескертіп өтті. Имамның құттықтауынан кейін жамағат Құрбан айт намазын оқыды.
    Бұдан кейін құрбандық шалатын мұсылмандар арнайы бөлінген орындарында мал сойып, уәжіп болған қасиетті бір міндетін орындауға кетіп бара жатты.
    Бұл күні мешітте тек құрбан шалынып қана қоймай, спорттық сайыстар да ұйымдастырылмақшы.

Баспасөз қызметі