Құрбан айт мерекесі ауданымызда жоғары деңгейде аталып өтті

Бүгін күллі мұсылман қауымының құрбан айт мерекесі ауданымызда жоғары деңгейде аталып өтті. Алдымен аудандық мұсылмандар мешітінде айт намазы оқылып,, жиналған жамағатқа уағыз насихат айтылды.
Құрбан айт мерекесіне арналған шаралар мешіт ауласында жалғасын тапты.Ақ шаңқан киіз үй құрылып түрлі спорттық ойындардан жарыстар өткізілді.Шараның ашылуы Құран Кәрім оқумен басталды. Жиналған жұртты аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев мерекемен құттықтап жақсы көңіл -күй тіледі. Мерекеге орай түрлі ұлттық ойындар, ләңгі тебу, қол күресі, дойбы,балалар арасында лақ көтеру,ересектер арасында қой көтеру өткізілді. Қызықты әрі тартысты өткен сайыс жеңімпаздары дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Дәмді палау даярланып, халыққа тегін таратылды. Ауыл ақсақалдары киіз үйден дәм татып тарасты. Мешіт жамағаты балаларға балмұздақ үлестірді. Кәсіпкер Нүркен Ерболатұлы демеушілік жасап қой көтеру жарысына қой арнады. «Кәусар» қоғамдық бірлестігі мен «Ақбастау» ЖҚБ спорттық ойындарға жүлде қорларына демеушілік жасады.Құрбан айттың спорттық шараларының ұйымдастырылуына мұрындық болған БЖСМ -ң директоры О.Гилымов пен Спорт кешенінің директоры С.Байсовқа ризашылығымызды білдіреміз.Азаматтарға алла разы болсын!
Құрбан айттың алғашқы күні аудан орталығында 7-қой, 2- ірі қара құрбандыққа шалынып,таратылды. Құрбан айт мерекесі құтты болсын .