Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының БҚО бойынша бас имамы «Ар-Рахман» мешітінің Бас имамы Самат Алибаевтың төрағалық етуімен облыс, қала, аудан мешітінің имамдарына арналған жиналыс өтті.
Жиналыс күн тәртібінде келе жатқан Құрбан айт мерекесіне дайындық жайы пысықталып, мерекелік діни жоралғыларды сауатты түрде жоғары деңгейде өткізу, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, қаламыздағы құрбандық шалынатын орындардағы қызмет көрсету сапасын жақсарту, мерекелік шаралар және діни жоралғылар турасында қала тұрғындарын толыққанды, дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.
Сонымен бірге, қала имамдары мен дін қызметкерлері бас қосқан жиналыста сауат ашу курсының жаңа жылында атқарылар жұмыстар мен жат ағыммен жұмыс мәселесін одан ары жандандыру мәселелері талқыланды.
Нұрлан Саматұлы