Кеше Ақжайық өңірініңбарлық имам-молдалары Орал шаһарына V Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттардың таныстырылымыны үшін жиналды. Облыс, қала, ауданның барлық дін мамандары жиналды.Алдымен шараны ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Самат Алибаев ашып, Астанада өткен жиынды кеңінен жеткізді.Жиында көтерілетін мәселелерді тілге тиек етіп, имамдар форумының мақсаты, қабылданып жатқан құжаттардың мән-маңызын атап өтті. «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасын, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани және ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы рөлі», «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі» құжаттарын жауапты мамандар талдап жеткізді.Шара соңында имамдар тарапынан сауалдар қойылып, тұщымды жауаптар алды.
Нұрлан Саматұлы