Екінші дүниежүзілік соғысында шейіт болған сарбаздар рухына дұға бағышталды. Ақжайық аудандық мешітінің бас имамы Тұрсынғали Төлеуғалиұлы Кужапов мешітте Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кетіп, жылдар жылжып, сол сұрапыл кезеңнен алыстаған сайын, бейбіт күн сыйлаған батыр бабаларымыздың құрметіне орай, рухына Құран бағыштап дұға жасау рәсіміне қатысты. Бұл жиынға ауыл әкімі Зейнуллин Биболат Бақытжанұлы және ауыл ақсақалдары қатысты.
Туады ерлер ел үшін,
Өлмейді ісі мәңгілік.
Өшпейді абзал есімдер,
Ұрпаққа жетіп мәңгілік, – деп ақын атамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, батыр бабаларымыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталатынына сенімдіміз. Қиын қыстау кезіңде елдің амандығы мен тыныштығын сақтау үшін жанын құрбан еткен боздақтарымыздың рухы иманды болғай! Әумин!
Баспасөз қызметі