Шарапаты мол шағбан айындағы кезекті қайырымдылық шарасы Сыр өңірінің бас мешітінде өтті.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен акция аясында 100 отбасыға азық-түлік қоржындары табыс етілді.
Айта кетейік, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, облыс көлеміндегі мешіттерде түрлі форматтағы қайырымдылық шаралары үздіксіз ұйымдастырылып келеді.
Аймақтағы әлеуметтік осал топтағы мұқтаж жандар мен еңбек адамдарына қолдау білдіріп, қуаныш сыйлау мақсатында бастау алған игі жоба әлі де жалғасын таба бермек.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі