Бас имам Дариян мешітінде болды

Кеше Орал орталық мешітінің бас имамы Самат Әлібаев Бәйтерек ауданы, Дариян ауылдық мешітіне арнайы барды.
Аталмыш мешіттің бас имамы Халықбек Сыдықов жылы жүзбен қарсы, жиналған жамағатқа таныстырды.

Бас имам «Бараат» түніне орай мешіт жамағаттарына қасиетті түн жайында уағыз айтып, сауалдарына жауап берді.

Кейін дастархан басында ғибратқа толы уағыздар айтып, көңілдері көтеріліп, салиқалы кеш болды.

Жамағат бас имам Самат Қанатқалиұлына шексіз рахметін айтып, әлі де кездесулер өз жалғасын тапсын, деп ақтілектерін білдірді.

Дариян ауылдық мешітінің баспасөз қызметі