Басшылықтың тікелей қатысуымен жүргізілген «Ет өнімі» шұжық өнімдерінің өндірісін тексеру барысында «Стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады. Өнім өндірудің барлық кезеңі шариғат және халал стандарты талаптарына толықтай сай», – деп мәлімдеді Айбек Асқарбекұлы.
“Халал даму” директоры Айбек Асқарбекұлы облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы және медресе директоры Искалиев Талғаттың қатысумен “Халал шариғат талабы” тақырыбында медресе шакірттеріне семинар өткізді.
Осы уақытта “Халал Даму” технолог маманы Айзат Сатаева мен БҚО бойынша жауапты өкіл Асхат Асылбекұлы “Колбасы Приуралья” шұжық өндіру цехын тексерді.
Тексеріс сәтті аяқталып, кәспорын жұмысы халал талаптарына сәйкес екеніне тағы бір көз жеткізілді.
Тексерістерден соң облыстың Бас имамы Саман Қанатқалиұлы мен технолог Айзат Ермекқызы әйел жамағатына “Халал шариғат талабы” атты халал туралы ақпарат беру және оның барша мұсылмандар өміріндегі маңызын түсіндіру мақсатында семинар жүргізді.
Іс сапардың соңғы нүктесі болып Облыстық «Aqjai’yq» телеарнасы «Ғибрат» рухани-танымдық телебағдарламасы шеңберінде «Халық таңдауы – халал» тақырыпта ҚМДБ “Халал Даму” технолог маманы Айзат Ермекқызы сұхбат берді.