ШИЕЛІЛІК ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ҚҰРАН ОҚЫП ЖАРЫСТЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Шиелі аудандық орталық мешіті, Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен қыз-келіншектер арасында аудандық Құран Кәрімді мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Өңірдегі қарилық медресенің ұстазы Дүйсенбеков Сейілхан және әйелдер жамағатының ұстазы Бегимкулова Аселхан қазылық еткен жарысқа ауданға қарасты мешіттерде білім алушы әйел жамағатынан жиылған 21 үміткер қатысты.

Әділқазылар алқасының бағалауы бойынша Құранды тәжуид ережелеріне сай оқып, үздік атанған Алайдарова Гүлсезім, Сейіл Дүрия, Мырзатаева Жанар сәйкесінше І, ІІ, ІІІ-орындарды иемденсе, Әлтаева Ләззат, Берікова Мағжан, Айдарқызы Индира, Асылбек Жансезім «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.

Құран аяттарын жаттаудың маңыздылығы жайында насихат айтқан ауданның бас имамы Бақыт Ұлжаев жеңімпаздарды құттықтап, жүлдегерлер мен өзге қатысушыларға бағалы сыйлықтарды табыстады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі