ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Смайыл Сейтбеков Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының орталық «Халық» мешітінде жамағатқа уағыз-насихат айтты.
Смайыл Сүйерқұлұлы құптан намазынан кейін өткен уағызында діндар мұсылман болу маңызды екенін алға тартты. Жамағатты күнә атаулыдан мейлінше сақтануға шақыра келіп: «Ақырзаман жақындағанда иманды сақтау қолға ұстаған шоқ секілді болады. Соған қарамастан біздің мақсатымыз иманымызды сақтап қалу болуы керек», – деді Ғұламалар кеңесінің мүшесі.
Уағыз-насихат соңы сұрақ-жауапқа ұласып, мешіт жамағаты көкейінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.