БАС МҮФТИ КЕҢЕСШІСІ СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» университетінің студенттеріне дәріс оқыды.

Әр мәзһабтағы ерекшеліктерге шолу жасаған Кенжетай Байкемелұлы білім алудағы тәжірибесін бөлісті. Ислам ілімін меңгерудегі негізгі қағидаларға тоқталып, фиқһ негіздерін терең меңгерудің артықшылықтарын мысалдармен түсіндірді.

Сондай-ақ Исламтану кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Нұрлан Анарбаев Бас мүфти кеңесшісіне шәкірттер оқу бағдарламасы бойынша ислам негіздерінен дәріс алғанмен, білікті мамандардың осындай қосымша дәрістері білім алуда серпіліс беретінін атап өтті. Дәріс барысында Бас мүфти кеңесшісіне студенттер де көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.