Бөкей Ордасы ауданында ұлттық құндылықтар дәріптелетін наурыз айында “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер сайысы өтті.
Ауыл ақсақалдары бата беруден сынға түсті. Шараға қатысушылардың үлкені 85 жастағы Сайқындық Қитеш Бисенғалиев болса, ең жасы елуге иек артқан Ханордалық Мэлс Үшенов.
Байқауға қатысушылар тек түрлі тақырыпта бата беріп қана қоймай, салт- дәстүр туралы білімдерін таразыға салды.
Ауыл ақсақалдары сынға түскен шара соңында жүлдегерлер марапатталып, аудан бас имамы Азамат Қанатұлы сайысқа қатысушы ақсақалдарға алғыс білдірді.
Бөкей-Орда аудандық мешітінің баспасөз қызметі