ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйытқы болуымен қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінде кезекті қайырымдылық акциясы өтті.
Шағбан айымен қатар келген «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған шараға облыстың бас имамы Болатбек Абуов арнайы қатысып, тұрғындарға қасиетті айда жасалуы тиіс ұнамды амалдар жайлы насихат айтты.
Сөз соңында Болатбек Ұласқанұлы игі іске атсалысқан азаматтарға алғыс білдіріп, тұрмысы төмен 50 отбасыға азық-түлік қоржындарын табыстады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі