Алғыс айту мерекесіне орай ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша Орал орталық мешітінің бас имамы Самат Әлібаевтың бастамасымен, Мұхаммед Ғариф-Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінің бас имамы Қажымұқан Ғилманов қолдауымен балалар үйі мен қариялар үйінде болды.
Балалар үйінде Бас имам Самат Әлібаев жылы ниетін білдірсе, балалар өз өнерін көрсетіп, қолдарымен жасаған жүректерін сыйлап, патша көңілдерін білдірді.
Одан кейін қариялар үйінде Түлбаев Мұхаммед-Ғариф мешітінің наиб имам Серік Қайратұлы ақтілегін айтып, ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналардың көңілдерін көтеріп қазақтың домбырасымен терме айтылып күй тартылды.
Ұйымдастырушы тараптан сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табыс етілді.
Пайғамбарымыз «Адамға рахыметі жоқтың, Аллаға шүкіршілігі жоқ»- деген, қарияларымыз кезінде елге, қоғамға қызмет жасап, көп пайдаларын тигізгені айдан анық.
Енді олар қартайған шағында, бастарына осындай қиындық келген кезде, ол адамдардың жасаған жақсылықтарын ұмыт қалдыру адамгершілік тұрғысынан дұрыс болмасы айдан анық.
Қариялардың тамағы тоқ, киімі бүтін, жататын жерлері таза, жылы бірақ…
Бірақ көңілдері орта, сол орта көңілдерін көтеру үшін, ол адамдардың қоғамға әлі керек екенін, әлі ешкім оларды ұмытпағанын, оларды іздейтін, жақсы көретін адамдар бер екенін білдіріп алғыс айтып, көңілдерін көтерді.
Бізді жылы қарсы алып қабылдаған мекеме басшысы Арман Даулетов мырзаға және қызметкерлеріне Алла разы болсын!
ТДК-42 телеарнасына, RUH-team тобының жетекшісі Қуан Армат ұстазға алғысымыз шексіз. Қарияларымыз аман болсын, олар жыламасын, ешкім ол кісілерді жылатпаса екен!
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі