Біздерді жоқтан бар еткен, нығметтермен ризықтандырған Алла тағалаға шексіз мақтаулар мен мадақтаулар айтамыз. Бізге шариғатты кәміл түрде үйреткен, адам мен адам арасындағы мәмілені жоғарғы дәрежеде көрсеткен пайғамбарымыз Мұхаммадқа Алланың салауаты мен сәлемі болсын.
Жалпы діни мейрам екеу. Рамазан айт пен Құрбан айт. Осы күндері мұсылмандар Аллаға деген құлшылықтарын арттырып, адам арасындағы байланыстарын түзеп, кешірім сұрасып, жарқын күй кешетіні анық. Мейрам сонысымен құнды болып есептеледі. Одан бөлек халықаралық, мемлекеттік, ұлттық, дәстүрлі мейрамдар бар. Бұл мейрамдарды дінге еш қатысы болмаса да, мейрамның негізгі мақсаты ескеріліп, атқарылу жолдары қаралып, қоғамға пайдасына мән беріліп, шариғат талаптарына негізделгеннен кейін Ислам ғалымдары атқарылуға болатын я атқарылуға тиым салынған мейрамдар болып екіге бөлген.
Ислам ғалымдары қайған шариғи талаптарына сәйкес келген мейрамдардың бірі «1 наурыз – Алғыс айт күні» де келіп жетті. Бұл мейрамның мақсаты адамдардың бір-біріне құрмет көрсетіп, рахметтерін айтып, ризашылық білдіретін күн. Әсіресе Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл, қонақжай қазақ халқына алғыс айтатын уақыт.
Алғыс айту дегеніміз – өзіңе жақсылық жасағанға, көмегіне, жәрдеміне тілмен немесе іспен ризашылығын білдіру және сол арқылы жоғарғы баға беру. Тіпті алғыс алу немесе айту біздің жаратылысымызға, қанымызға біткен іс. Себебі біреуге жақсылық жасасаңыз, артынша жүрегің алғыс айтқанын қалап тұрады. Ал айтпайтын болса, ренжіп қалатынымыз анық. Ал бізге біреу жақсылық жасасап, рахматін айтпай қалсақ, уайымдап, артынша қоңырау шалып болса да оқасын сұрап жатамыз. Жалпы алғыс сөзі араб тілінде «шүкір» айту деп келеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл турасында өзінің хадимінде былай дейді: «Адамдарға алғыс айта алмаған адам, Аллаға шүкір ете алмайды» , тағы бір хадисінде: «Адамдарға алғыс айтпағанның, Аллаға алғысы жоқ, яғни шүкірі жоқ» (Тирмизи, Әбу Дәуіт).
Расында шүкірімізді, алғысымызды Алла тағалаға айту керекпіз. Себебі бізді жоқтан бар еткен, бүкіл нығметтермен қамтамасыз еткен Жаратушымыз. Қанша жерден шүкір айтсақта, аз болары анық. Алла тағаланың қалауы да сол. Яғни біздерідің шүкірге толы жүрегіміз, тіліміз, ісіміз болу керек. Құран Кәрімде былай деп ескертеді: «Әрі сонда сендердің Раббың: «Егер шүкір етсеңдер, сендерге оны міндетті түрде арттыра беремін. Ал егер күпірлік етсеңдер, шын мәнінде азабым өте қатты» деп жариялады» («Ибраһим» сүресі, 6-7 аяттар)
«Иә, жақсылықтың қарымы дәл сондай жақсылық емей немене?!» деп Құрандағы Ибрахим сүресі, 60 аятта да Алла тағала сұрақ қою арқылы, жауабы да тек біреу екенін айтып жатыр. Ол жақсылық жасағанға алғыс, шүкір, ақы беру.
«Жаңбырмен жер көгереді, алғыспен (батамен) ел көгеред» демекші әрқашан жақсылық жасағанды бағалап, оған алғыс айтуды көбетіп, артынан Алладан ол үшін дұға тілеп жүрсек, жақсылық жасаушы адамдар да көбейеді, елімізде де бейбітшілік болып, тату-тәтті өмір сүретініміз анық.
Адам баласы өзіне жақсылық жасаған, сондай іске себепкер болған адамға да әрдайым өзінің алғысын, рахметін айтып жүруі тиіс. Алғысын айтып үлгере алмаса да жақсы ниетпен, ізгі тілегімен өзгелерге айтып жүруі керек. Сондықтан Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде: «Қандай да бір кісі жақсылыққа қол жеткізсе, алайда оның қайтарымы ретінде қарымтасын бере алмаса, оның жақсылығын айтып, мақтасын» деген (имам Тирмизи)
Сөзімізді түйіндей келе айтарымыз, өзара алғыс айту – адамдар арасындағы сенімді, сыйластықты арттыратын құрал. Адамның жан дүниесін тазартатын, жүрегін жұмсартатын, мейірімін оятатын сауапты іс. Әсіресе бір мүддеге негізделген, бір құндылықты бөліскен, бір мекенді ортақ Отан еткен адамдар арасындағы алғыс пен сыйластық қоғамның рухани тыныштығына, бауырмалдыққа жетелеп, Алланың ризашылығына қауыштыратын амал. Сондықтан айналамызға алғыспен қарау, басымызға келетін көптеген қарғыстан құтылудың жолы екенін естен шығармағанымыз дұрыс.
Наурыз Убаев,
Орал орталық мешітінің наиб имамы