Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Қанатқалиұлы қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында «Ел-Ырысы» базары аумағындағы құрбан шалынатын арнайы қасапханалар мен ет сақтайтын орындарды аралап, олардың мерекеге дайындығын тексерді.
Тексеру барысында құрбандық шалу орындарының тазалығы, мал сою талаптарына сәйкестігі, санитарлық жағдайы және халыққа қолайлы қызмет көрсету мәселелері назарға алынды. Сондай-ақ, Құрбан айт күндері тұрғындардың діни рәсімдерді талапқа сай әрі қауіпсіз орындауы үшін қажетті ұйымдастыру жұмыстары пысықталды.




