Құрбан айт: ұйымдастыру және дайындық жұмыстары пысықталды

Бүгін ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы өкілдігіне қарасты мешіт имамдарының қатысуымен Құрбан айт мерекесіне байланысты дайындық жұмыстарына арналған арнайы жиын өтті.

Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан берілген тапсырмалар талқыланып, Құрбан айт күндеріндегі ұйымдастыру жұмыстары пысықталды. Атап айтқанда, айт намазының өту тәртібі, құрбан шалуды ұйымдастыру, санитарлық талаптарды сақтау, қайырымдылық шараларын өткізу және жамағатпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, мешіттердегі тәртіп пен тазалық, халыққа діни қызмет көрсетудің сапасын арттыру, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету бағытында нақты міндеттер жүктелді.

Жиын соңында имамдарға ҚМДБ бекіткен тапсырмалар негізінде Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Алла Тағала алдағы Құрбан айт мерекесін барша мұсылман қауымына берекелі әрі қайырлы етсін!