ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жыл – «Ислам және адал қоғам» жылы болып жарияланып, 2026 жылға арналған жаңа жұмыс жоспары бекітілді. Осыған орай Батыс Қазақстан облысы орталығында өңірдің бас имамы Самат Қанатқалиұлының қатысуымен алқалы жиын өтті.
Оған барлық қалалық, аудандық мешіт имамдары жиналды. Облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында бекіткен тапсырмаларын қала, аудан имамдарына кеңінен таныстырып, нақты тапсырмалар берді.
Атап айтқанда: 2026 жылы негізгі төрт бағыттағы жұмыстарға, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, дәстүр және отбасы, жат діни ағымдардан сақтандыру бағытындағы іс-шараларға ерекше басымдық беріліп, аталған бағыттар аясында өңір бойынша жүйелі әрі мазмұнды іс-шаралар жүзеге асыру жүктелді.
Жиын соңында былтыр белсенді жұмыс атқарған имамдар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.







