Батыс Қазақстан облысына қарасты қала, аудан және ауыл мешіттерінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында сенбілік шарасы ұйымдастырылды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес өткен шара барысында мешіттердің ішкі және сыртқы аумақтары тазартылды. Игі іске мешіт қызметкерлерімен қатар, жамағат та белсенді түрде атсалысты.
«Тазалық – иманның жартысы» демекші, бұл шара мұсылман қауымына қоршаған ортаны аялаудың маңыздылығын ұғындырып, бірлігін арттырады, қоғамда ортақ жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Мұндай сенбіліктер өңір мешіттерінде жиі өткізіліп келеді.











