«Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы Наурыз Ибатұлы жастармен жүздесіп, тәрбиелік мәні зор кездесу өткізді. Шараның мақсаты – жастардың діни сауатын арттыру, қоғамдағы өз орнын дұрыс айқындауға бағыт беру және теріс ағымдардың алдын алу болды.
Кездесу барысында наиб имам қазіргі жастарды мазалайтын түрлі мәселелерге тоқталып, өмірлік бағыт-бағдар беретін өнегелі ойларымен бөлісті. Ол жас буынды рухани тұрғыдан кемелденуге, ата-анаға құрмет көрсетуге, елге қызмет етуге және адалдық пен еңбекқорлыққа шақырды.
Сонымен қатар, жастардың сұрақтарына жауап беріліп, өзара ашық пікір алмасу өтті. Кездесуге колледж студенттері мен ұстаздар қатысты.
Шара соңында қатысушылар діни маманға алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осындай игі басқосулардың жиі өтуін тіледі.


