Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтті

Астана төріндегі Бейбітшілік пен татулыққа шақыратын бұл жиынға әлемнің 60-тан астам елінен 100-ден аса делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм және синтоизмнің жетекші өкілдері, халықаралық ұйымдардың мүшелері, сондай-ақ сарапшылар мен қоғам қайраткерлері бас қосты.

Съез Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткенін атап өту керек.

Съездің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі халықаралық ахуалдың күрделі екенін атап өтті. Ол геосаяси шиеленістердің артуы, әлеуметтік қайшылықтардың күшеюі және ядролық қақтығыс қаупінің соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп отырғанына алаңдаушылық білдірді. 

«Бүгін Астана төрінде әлемнің ең беделді рухани көшбасшылары бас қосып жатыр. Бұл – біз үшін үлкен құрмет, зор мәртебе. Қазір жер жүзінде сын-қатерлер көбейіп, халықаралық ахуал ушығып тұр. Соның салдарынан түрлі қақтығыстар көбеюде. Алмағайып кезең ешкімге оңай болып жатқан жоқ. Өкінішке қарай, соғыстың сипаты мен болмысы белең алуда. Дегенмен біз өткен заманнан дұрыс сабақ алып, сындарлы әрі ашық келіссөздерге ұмтылуымыз керек. Мәмілеге балама жоқ», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Съезд жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысты.

Айта кетейік, VIII съезд екі күнге жалғасып, пленарлық және секциялық отырыстар форматында өтті.