Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Қанатқалиұлының қолдауымен «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Дін мен дәстүр» бөлімі қалалық Отбасы орталығымен бірлесіп, Отбасы күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдағы отбасы құндылықтарын дәріптеу, бірлікті нығайту және мұқтаж жандарға қолдау көрсету болды. Шара аясында отбасылық тәрбиенің маңызы, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, дәстүрлі құндылықтар жөнінде тағылымды әңгімелер айтылып, қатысушыларға насихат жүргізілді.



