Абай облысында өткен дәстүрлі садақ атудан ҚР кубогында Батыс Қазақстандық спортшылар жүлделі орынға ие болды.
03-07 қыркүйек аралығында Абай облысы, Аягөз қаласында дәстүрлі садақ атудан ересектер және жастар арасындағы Қазақстан Республикасы кубогы өтті. Бұл додаға еліміздің барлық өңірінен 320-дан астам спортшы қатысып, ұлттық өнер мен мергендікті дәріптейтін спорт сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Батыс Қазақстан облысының спортшылары да тартысты өткен жарыста үздіктер қатарынан көрініп, жалпы медаль есебі бойынша 17 облыс арасында 2-орын иеленді.
Ересектер арасында өткен сында Әсемгүл Ғалымжанова – 2 дүркін ел кубогінің чемпионы (Қалқан және Жамбы нысанасы)
Рустам Аманғалиев – 2 орын (Қалқан нысанасы)
Жолдасова Мөлдір — 2 орын (Орта Азия нысанасы)
«Деркөл кенті мешітінің» наиб имамы Өтәлі Азамат «Пұта нысанасы» бойынша мергендік танытып, жүлделі 4 орынға ие болды.
Бұл жетістіктер – Батыс Қазақстандық спортшылардың ұлттық мұраны сақтап, дәстүрлі садақ ату спортының дамуына қосып жүрген зор үлесінің айқын дәлелі. Жарыс нәтижесі өңір спортшыларының шеберлігінің артқанын және республикалық деңгейде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізе алатынын көрсетті.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!


