Облыс көлемінде «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті

Жаңа оқу жылы қарсаңында облыс көлемінде дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Игі шараның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік қолдау көрсету.

Акция аясында жүздеген оқушы оқу құралдары, мектеп сөмкесі, киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Әрдайым мешіт атынан ұйымдастырылатын қайырымдылық шараларға мұрындық болып жүретін жергілікті кәсіпкерлер мен демеушілердің қолдауына ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы       С.Қ. Алибаев алғысын жеткізсе, ата-аналар мешіт ұжымына зор ризашылықтарын білдірді.

Жаңа оқу жылына жақсы көңіл-күй, жаңа қарқын, білімге деген құштарлық, асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялатып отырған бұл қайырымдылық әрбір баланың бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.