Тағылымды шара

Наиб имам Самат Қанатқалиұлы «Самғау» коворкингінде ауданымыздың білім беру ұйымдарындағы тарих пәнінің мұғалімдерімен кездесумен жалғасты.
Кездесуде пән мұғалімдері «Дінтану» пәнінің қажеттілігі мен маңыздылығын айтып, мектеп өмірінде кездесетін діни мәселе мен оқушылардың діни сауаттылығын, ораза ұстаудың әдебі мен дұрыстығы бойынша және өзге де сұрақтарды қояды. Самат Қанатқалиұлы сұрақтарға жауап беріп, оқушылардың мектеп бағдарламасын тереңірек меңгере отырып, діни дұрыс ілімді алуға шақырды. Діни білімге қызыққан әр оқушының мемлекетіміздің бекіткен ұстаным мен шариғаты бойынша жүру керектігін, олармен мәміледе жан жақты саралап барып шешім қабылдау қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында діни сауаттылықты арттыратын кездесулер, танымдық шаралардың жалғасын табу бойынша ұсыныстарын білдірді.

Тасқала аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған