Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат Қанатқалиұлы аудандық мәдениет үйінің кіші залында аудан жастарымен жүздесті. Кездесу барысында аудан жастары ойларында жүрген көкейкесті мәселелер мен діни білімді, ислам әдебі мен құндылығы, мұсылман міндеті мен артықшылықтары бойынша сұрақтарын қойды.
Наиб имам қойылған сұрақтарға шариғат пен зайырлық деңгейде жауап беріп, жастардың діни сауаттылығын арттырудың қажеттігін, жат ағымның жетегінде кетудің алдын алу керектігін сөз етті.
Аудан жастары осындай шаралардың қажеттігін атап өтіп, кездесу соңында естелік ретінде суретке түсті.
Тасқала аудандық мешітінің баспасөз қызметі