Аудан әкімімен кездесті

Тасқала ауданына облыстық орталық мешіттің наиб имамы Алибаев Самат Қанатқалиұлы іс-сапарымен келді.

Тасқала аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы арнайы қабылдады.
Қабылдау барысында аудан әкімі ауданымызда ислам дінінің игілігі үшін жасалып жатқан игі істерді атап өтіп, жаңа мешітіміздің құрылысымен таныстырды.
Самат Қанатқалиұлы Тасқала ауданында діни тұрақтылық пен қауіпсіздіктің, жамағаттың ахуалы бір қалыпты екендігін атап өтіп, ризашылығын білдірді.
Тасқала аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған