БҚО: Медресе шәкірттері емтихан тапсырды

«Орал» медресе — колледжі кезекті оқу жылын тәмамдады. Болашақ «Исламтанушы» мамандығында білім алушы жастар емтихан тапсырып, өз білімдерін сынақтан өткізді.

Емтихан комиссиясының құрамына ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов төрағалық етті. Сонымен қатар комиссия мүшелері қатарында «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы  Бағдат Шақаев  және медресе-колледж ұстазы Махмед Серік болды.

Комиссия төрағасы Хасан Аманқұлов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының түлектерге жолдаған сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді. Шара басында «Орал» медресе-колледжінің директоры Талғат Мұратұлы комиссия құрамын шәкірттерге таныстырып, емтиханға сәттілік тіледі. Ол бұл сынақтың – түлектердің діни білім жолындағы маңызды кезең  екенін атап өтіп, алдағы өмірлеріне, алған ілімдеріне береке тіледі.

Емтихан дәстүрлі түрде билет арқылы және комиссия тарапынан қосымша қойылған ауызша сұрақ-жауап форматында өтті.

Айта кетсек, медресемізді осы жылы 11 түлек тәмамдады. Оның ішінде 1 шәкірт үздік диплом иегері.