1 маусым күні БҚО өкілдігі, «Жайық жұлдызы» ҚБ-гі мен қалалық «Мектептен тыс жұмыс орталығының» бірлесе ұйымдастыруымен балаларды қорғау күніне орай балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында түрлі ойындар, концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар мен шығармашылық шеберліктер өткізілді. Балаларға тәттілер мен сыйлықтар таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Шараның мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, оларға қуаныш пен шаттық сыйлау, сондай-ақ балалық шақтың мән-маңызын насихаттау болды.
Балалардың жүзіндегі күлкі мен қуаныш – бұл күннің басты жетістігі болды. Осындай шаралар жиі өткізіліп, балалардың дамуына және тәрбиесіне үлкен үлес қосады деп сенеміз.



