Бүгін Батыс Қазақстан облысы бойынша имамдардың қатысуымен маңызды жиын өтті. Басқосуда бірнеше өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда:
• Құдайы ас беру барысында ысырапқа жол бермеу;
• Ислам діні және қазақ дәстүріндегі отбасы құндылығы;
• Қасиетті Құрбан айт мерекесі кезінде өткізілетін діни іс-шараларды үйлестіру;
• Жамағатқа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, мешіттердің бірлік пен тәртіп үлгісін көрсетуі жөнінде.
Жиын барысында діни рәсімдердің шариғатқа сай атқарылуы, халыққа үлгі боларлық деңгейде өткізілуі қажеттігі баса айтылды. Имамдар тарапынан айтылған ұсыныстар мен пікірлер ортақ келісіммен талқыланды.


