«Ортақ құндылықтар — өзара диалогтың іргетасы»

2025 жылғы 30 сәуірде Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасында облыстық діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отырысы өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Қ.Е.Мендигалиев қатысты.

Жиында дін саласындағы өзекті мәселелер, конфессияаралық диалог, рухани құндылықтарға деген қызығушылықтың артуы және діни ұйымдардың қоғамдағы рөлі талқыланды.

Қалалық прокуратураның аға прокуроры А.С.Байғалиев қаржылық алаяқтық туралы баяндама жасап, әсіресе қарттарды қорғаудың маңыздылығын атап өтті .

Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі туралы да айтылып, оның басты тұжырымдамалары қаралды .

Клуб отырысы жылы, бейресми атмосферада өтті — пікір алмасуға, түсіністікке және ынтымақтастыққа толы болды!