1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында Орал қаласындағы «Ар — Рахман» мешітінің ұжымы отбасыларымен бірге табиғат аясына демалысқа шықты.Таза ауада, ағашы саялы, ашық аспан астындағы демалыс өте қызықты болды. Барлығы бірге табиғат аясында ас ішіп, кәуап пісіріп, дәм басында тағылымды сұхбаттар, уағыз-насихат айтылды. Шараның мақсаты – имамдардың өзара ынтымағын арттырып, олардың отбасыларына көңіл бөлу, бір сәт тынығып, табиғатпен үндестікте болу.
Демалыс барысында түрлі спорттық ойындар, балаларға арналған байқаулар мен ас дайындау секілді ұжымдық іс-шаралар өтті.
– Имамдық қызмет – жауапкершілігі жоғары, әрі үнемі ізденіс пен еңбекті талап ететін қызмет. Осындай сәттерде отбасымызбен бірге тынығу – жан мен тәнге пайдалы. Бұл шара бәрімізге күш-қуат сыйлады, – дейді ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат Қанатқалиұлы.
Жанға қуат, ойға серпін берген демалыстан мешіт ұжымы көңілді әрі сергіп қайтты.





