Медресе шәкірттерімен кездесу өтті

       ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы С.Қ. Алибаев Орал қаласындағы «Орал медресе — колледжі» шәкірттерімен кездесті. Кездесу барысында жастарға дінге қызмет ету, туған жерге еңбек сіңіру турасында және білім алу бағытында уағыз-насихаттар айтты. Сондай-ақ бас имам шәкірттермен ашық пікір алмасып, діни ахуал, дін қызметкерлеріне қойылатын басты талаптар бағытында сұхбат жүргізді. Өз кезегінде шәкірттерді асыл дініміздің дамуына үлес қосуға шақырды.