2025 жылдың 14 сәуірінде Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениет университетінде Исламтану мамандығының бітіруші түлектері мен әлеуетті жұмыс берушілер арасында мазмұнды кездесу өтті. Шараға Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы А.Қаратай мен ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы С. Әлібаев қатысты.
Кездесу барысында түлектер өздерінің ғылыми және кәсіби дайындықтарын таныстырып, болашақтағы еңбек жолдарына бағыт алды. Ал жұмыс берушілер жас мамандарға қоятын талаптар мен қазіргі еңбек нарығындағы мүмкіндіктер жайында ақпарат берді.
Мұндай форматтағы басқосулар түлектер үшін жаңа серпін, ал жұмыс берушілер үшін білікті кадрлармен тікелей танысу мүмкіндігі болып табылады.



