Құран жарысы өтті

Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.а.с), «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің»- дегендей БҚО өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Ар — Рахман» мешітінде «Құран мәңгі мұғжиза» атты облыстық іріктеу сайысы өтті.

Сайыста  ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат Қанатқалиұлы алғысөз сөйлеп, қатысушы жамағатқа сәттілік тіледі. Құран жарысына «Тәжиден Батырұлы» мешітінің наиб имамы Е. Кенжин, облыстық «Ар — Рахман» мешітінің ұстазы О. Амреев және наиб имамы Б.Шақаев қазылық етті.  Байқауды тамашалауға мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Үміткерлер билет суырып, берілген сүрелерді жатқа оқыды. Кейін қазылық етушілер Құран аяттарын оқып, қатысушылар әрі қарай жалғастырды. Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді. 

Жарысқа түсіп, жүзден жүйрік шыққан қатысушыларды бас имам Самат Қанатқалиұлы құттықтап, арнайы қаржылай жүлделермен және сыйлықтармен марапаттады.

29-пара бойынша:

1-орын (50 000 теңге) — Зейнуллин Мирас

 2-орын (30 000 теңге) — Есенжанов Ришат

3-орын (25 000 теңге) – Рамазан Раййан

Ынталандыру сыйлықтары: 2 қатысушыға – 5000 теңге

 30-пара бойынша:

1-орын (50 000 теңге) – Ажмұрат Аслан

2-орын (40 000 теңге) – Қадір Ибраһим

3-орын (30 000 теңге) – Бекбаулов Арыстан

Ынталандыру сыйлықтары: 3 қатысушыға – 5000 теңге