Мешіт есепшілері бас қосты

Бүгін қала, аудан және ауыл мешіттеріндегі есепшілердің қатысуымен маңызды жиын өтті. Шараға Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының орталық аппаратынан арнайы байланысқа шыққан бас есепші зум платформасы арқылы қосылып, есеп жүргізу жүйесі, есепшілердің жауапкершілігі, жұмыстың сапасы жайлы ой бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, пайдалы кеңестерін ортаға салды.

Жиын барысында Батыс Қазақстан облысының бас имамы С.Қанатқалиұлы есепшілердің күнделікті еңбегін ерекше атап өтіп, шынайы алғысын білдірді. Бірқатар белсенді есепшілерге арнайы Алғыс хаттар табыстап, рухани демеу көрсетті.

Кездесу соңында жиын ауызбіршілік пен сыйластықтың белгісі ретінде жайылған дастархан басында жалғасын тапты. Жиналғандар игі ниет, жылы тілектермен тарқасты.